Атқарушылық жазбаны жасау және мұраны ресімдеу бойынша сұрақтар мен жауаптар.
Сұрақ:
Егер нотариус атқарушылық жазбаны жоймаса, борышкер қандай әрекеттер жасауы керек?
Жауап:
Заңның 92-8 бабының 2-тармағына сәйкес нотариус мәлімденген талапқа қарсылық алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
Сұрақ:
Электрондық пошта арқылы атқарушы жазбаға қарсылық білдіре аламын ба?
Жауап:
Иә, білдіре аласыз. Нотариат туралы заңмен қарсылыққа қойылған қолды нотариалды куәландыру талабы жойылды, осыған байланысты Сіз қарсылықты нотариустың электрондық мекенжайына жібере аласыз.
Сұрақ:
Нотариус мұраға құқықтық туралы куәлікті қандай мерзімде беруі тиіс?
Нотариат туралы заңның 40-бабына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариус немесе нотариаттық іс-әрекеттер жасауға осы заңмен уәкілеттік берілген адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде, не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төлеген кезде, қажетті барлық құжаттар ұсынылған және мемлекеттік баж төленген күні жасалады.
Жауап:
Осыған байланысты, нотариус нотариаттық іс-әрекет жасау үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынған кезде, мұра ашылған күннен бастап, 6 ай өткен соң мұраға құқық туралы куәлік бере алады.