Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Адвокаттық қызмет

Адвокаттық қызмет – адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы Заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заң мен Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті және заң көмегін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. Адвокат шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға осындай көмек көрсету нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасауға міндетті. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Документы
Ақпарат
09 апреля 2024
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың 08.04.2024 ж.
Ақпарат
12 июля 2023
Число адвокатов подавших заявления на участие в ГГЮП через систему Е-ЮП на 2023 год
Ақпарат
12 июля 2023
Мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысушылардың Алматы қаласының заң кеңесшілерінің тізімі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Адвокаттық сұрау салудың тәртібі мен ресімделуі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Адвокаттық сұрау дегеніміз не?

Адвокаттық сұрау салу адвокаттың сұрау салуын білдіреді, оның мақсаты ақпарат жинау және өз тұтынушының немесе сенім білдірушінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті мәліметтер алу болып табылады.

Адвокаттың заңды қызметіне кедергі жасау дегеніміз не?

Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң кеңесшісінің немесе адвокаттық кеңсенің заңды қызметіне кедергі жасау жазбаша адвокаттық сұрау салу бойынша олардың кәсіби міндеттерін жүзеге асыру үшін талап етілетін қажетті құжаттарды, мәліметтерді 10 күн жұмыс мерзімінде ұсынбаудан, не ұсынудан бас тартудан көрінеді.

Адвокаттың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 668-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалар үшін -15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғалар үшін - 20 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) құрайтын әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілік көзделген.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы