GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Все материалы
Құқықтық түсіндіру жұмыстары
16 октября 2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

2026 жылғы 16 қазанда «Әділет кеңес береді» акциясы аясында Алматы облысы Әділет департаментінің Қарасай ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы, Алматы облысы Әділет партиясының Қарасай ауданы бойынша алаңында азаматтарға қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер берілді.
Атап айтқанда, банктік шоттарға салынған тыйымды алып тастау, атқарушылық іс жүргізу, сондай-ақ алимент өндіріп алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мамандар азаматтарға атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру тәртібін түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті құқықтық түсіндірмелер берді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары
16 октября 2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

15.10.2026 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашевтың «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдауы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары да қатысып, азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша қаралды. Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді талап ететін өтініштер белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылданды. Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді.
Мұндай өзара іс-қимыл форматы халықпен тікелей диалог орнатуға, өзекті құқықтық мәселелерді уақтылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Мәжбүрлеп орындату
16 октября 2026
АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ОРЫНДАУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2026 жылғы 13 қазанда Алматы облысы Әділет департаменті Алматы облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында атқарушылық іс жүргізудегі өзекті мәселелер, атқарушылық құжаттарды орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтау, мәжбүрлеп орындату шараларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері талқыланды. Атқарушылық құжаттардың уақтылы әрі толық орындалуына кедергі келтіретін себептерді анықтауға және оларды жою бойынша практикалық шешімдер әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша атқарушылық іс жүргізудің нәтижелілігін арттыруға, орындаушылық тәртіпті нығайтуға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тиісінше орындауды қамтамасыз етуге бағытталған алдағы шаралар айқындалды.

 

Құқықтық түсіндіру жұмыстары
16 октября 2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕГЕН АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 14 қазанында Алматы облысы Кеген ауданының Кеген ауылында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашевтың «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдауы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары да қатысып, азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша қаралды. Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді талап ететін өтініштер белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылданды. Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді.
Мұндай өзара іс-қимыл форматы халықпен тікелей диалог орнатуға, өзекті құқықтық мәселелерді уақтылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары
15 октября 2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

14.10.2026 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашевтың «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдауы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.

Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары да қатысып, азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша қаралды. Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді талап ететін өтініштер белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылданды. Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді.

Мұндай өзара іс-қимыл форматы халықпен тікелей диалог орнатуға, өзекті құқықтық мәселелерді уақтылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары
15 октября 2026
Мақала
Құқықтық түсіндіру жұмыстары
15 октября 2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы, Алматы облыстық адвокаттар алқасының, Алматы облысының нотариаттық палатасының, сондай-ақ Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және заңға деген құрметті нығайтуға бағытталған.

          Іс-шара барысында азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар нотариаттық және адвокаттық қызметке, атқарушылық іс жүргізуге және заң көмегін көрсетудің өзге де бағыттарына қатысты мәселелер қаралды.

          Халықты құқықтық ақпараттандыруға, бұзылған құқықтарды қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндіруге, сондай-ақ туындаған құқықтық мәселелерді заңды жолмен шешуге жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.

          Алматы облысының Әділет департаменті құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Заң және тәртіп — әділетті әрі құқықтық қоғамның негізі!

Құқықтық түсіндіру жұмыстары
13 октября 2026
Мақала
Құқықтық түсіндіру жұмыстары
12 октября 2026
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

2026 жылғы 9 қазанда Алматы облысы Әділет департаментінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында азаматтар Департамент мамандарына жүгініп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әділет органдары қызметінің бағыттары бойынша қажетті түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.
Қабылдау барысында келушілерге мемлекеттік тіркеу, атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, адвокаттар мен заң консультанттарының қызметі, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Алматы облысы Әділет департаменті мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Нотариаттық қызмет
12 октября 2026
Мақала

#нотариат

#мақала

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы