Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қ.Пилалов, ағымдағы жылдың 22 қарашасында Алматы облысы Балқаш ауданы, Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында, Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаттарымен, нотариустар және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп алимент өндіру, несие сұрақтары, зейнетақы және тағы да басқа өзекті мәселелер бойынша тегін заңгерлік көмек көрсетті.