2022 жылдың қараша айының 11 жұлдызында Талғар қаласы Алматы облысының Әділет департаменті Алматы облысы Талғар қаласы әкімдігінің жанындағы «Мемлекеттік жұмыспен қамту орталығымен» және Алматы облысының жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға, оның ішінде алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға «Бос орындар» жәрмеңкесі өткізілді.
Бұл шараға 483 бос жұмыс орындарын ұсынған 15 ұйым қатысты. Жәрмеңке барысында 162 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның ішінде кеңес алған алимент борышкерлері түрлі бос жұмыс орындарына 92 адамдар жұмысқа жіберілді.