
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңына және де ҚР басқа заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлік дегеніміз – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тысзиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер.
Осы Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ауқымды түрде жұмыстар жүзеге асырылуда.
Атап айтсақ, Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы HalykBank, Отбасы Банк, Freedom Bank –пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілге қою, кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері айтылған қызметтерді ХҚО-ғабармай-ақ ала алады.
Яғни BLOKCHEIN жүйесі арқылы кепіл тіркеуі үшін, банктерХалыққа Кызмет Көрсету орталығына жүгінбей өз жүйесімен мемлекеттік жылжымайтын мүлікті тіркеу база жүйесі арқылы кепілді тіркей алады.
Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.
Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін 3 (үш) күннен 2 (екі)сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Яғни құжаттарды жинау мен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ.
Жылжымайтын мүлікті кепілге қою және шығару қызметі Қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін айт акетуге болады.