
Ағымдағы жылдың 3 қарашасы күні Қонаев қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен бірлескен Алматы облысы Әділет департаментінің Тіркеу саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Т.Тойбаев және бас маман М.Дюсембиновтың қатысумен Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу,қайта тіркеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі тақырыбында отырыс өткізілді.Бөлім мамандары тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынып, қазіргі таңдағы нормативтік құқықтық актілер бойынша түсіндірме жүргізіліп, мемлекеттік қызметті сапалы, халықты сауатты кеңес беру дәрежесін көтеру мақсатында жиын отырысты жиі өткізлуін жоспарлады.