
Студенттермен кездесу!
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Алматы облысы Әділет департаменті және Жетісу облысы Әділет департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми семинар өткізді. Кездесу барысында Зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің Аубакиров Ельтай Нусипбекович меншік құқығын және сабақтас құқықтар туындыларды қорғау, селекциялық жетістіктерді қорғауды қамтамасыз ету шаралары, контрафактілік өндірістерді анықтау шаралары туралы баяндады. Алматы облысы Әділет департаменті Зияткерлік меншік құқықтар бөлімінің Мухамеджанов Арман Айткынович авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау, Тауарлық белгілерді құқықтық қорғау, Авторлық құқық саласында артықшылықтар туралы баяндады. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасы қауымдастырылған профессор, философия доктор (PhD) Бекежанов Даурен Нуржанович Интеллектулдық меншік құқығы қорғаудың өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Кездесуде студенттер Интеллектуалдық меншік объектілері бойынша көптеген пайдалы және қызықты ақпарат алды, өз ой-өрістерін кеңейтті.