«Жанұя» әлеуметтік орталығында адвокаттардың, жеке сот орындаушыларының, сондай-ақ Алматы облысы маслихатының депутаттары Ж.Б. Нурмуханова және С.Т. Бигарованың қатысуымен, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін консультациялық көмек көрсету мақсатында кезекті іс-шара ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында Алматы облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығында адвокаттардың, жеке сот орындаушыларының, сондай-ақ Алматы облысы маслихатының депутаттары Ж.Б. Нурмуханова және С.Т. Бигарованың қатысуымен, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша азаматтарға тегін консультациялық көмек көрсету мақсатында кезекті іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барасында азаматтарға әлеуметтік салаға қатысты сұрақтармен қатар, алимент өндіріп алу, сотқа талап-арызбен жүгіну тәртібі, сондай-ақ тұрғын үй кезегіне тұру мәселелеріне қатысты тегін консультациялық көмек берілді.