«Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту»

«Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту»

Алматы облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облысының жеке сот орындаушылары мен Алматы облысының жекеше нотариустарының қатысуымен «Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту» атты тақырыбында онлайын форматта семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Атқарушылық жазбаны жасау кезінде және оны сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберу уақытында туындайтын мәселелерді өзара талқылау.

Семинар барысында нотариустар мен жеке сот орындаушылар өз салалары бойынша жұмыстарында жиі кездесетін атқарушылық жазбаға қатысты сұрақтары қойылып, толыққанды жауаптарымен алмасты.