
1 – маусым 2021 жылы Алматы облысы Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы аудан әкімі аппаратының басшысы «Тәуелсіздігіміздің 30 – жылдық мерекесі және 1 – маусым Балаларды қорғау күні» мерекесі құрметіне орай АХАТ қызметінің ұйымдастыруымен осы күндері дүние есігін ашқан жас сәбилердің туу туралы куәліктерін ата-аналарына салтанатты түрде табыс етті.