«Алимент төлеу ардың ісі» туралы бейнеролик түсіру байқауы өткен болатын

«Алимент төлеу ардың ісі» туралы бейнеролик түсіру байқауы өткен болатын

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Алматы облысы әкімінің және Республикалық жеке сот орындаушылар палатысының төрағасымен 19.11.2019 жылы бекітілген Алимент өндіруге бағытталған Меморандум негізінде:
Алматы облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы сонымен қатар Алматы облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының қолдауымен, отбасы құндылықтарын нығайту және ажырасқаннан кейінгі жауапкершілік бағытында «Алимент төлеу ардың ісі» атты бейнеролик түсіру байқауы өткен болатын.
19 мамыр 2021 жылы байқау нәтижелері қорытындылап ең үздік бейнеролик түсірген жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Бүгінгі күні, алимент өндіру туралы атқару құжаттары Департаменттің және Алматы облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының ерекше назарыңда екендігін хабарлаймыз.