22.01.2021 ж ANTIKOR ORTALYGY алаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың және Облыстық Арнайы мониторингтік тобының төрағасы Виктор Теннің қатысуымен «Пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді.
Онлайн кездесу барысында Алматы облысының Әділет департаменті қызметінің басшылығы мен қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді.