«Борышкер» рейдтік іс-шарасы

«Борышкер» рейдтік іс-шарасы
«Борышкер» рейдтік іс-шарасы
2020 жылғы 12-13 қараша аралығында Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында алименттік төлемдер, салынған айыппұлдар, салық міндеттемелері және бюджетке төленетін басқа да төлемдер түрінде өндіріп алуды орындамайтын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар бастады.
Іс-шараның мақсаты - азаматтарға салынған айыппұлдар, алименттер, сондай-ақ салық берешегі туралы хабардар ету.
Іс-шара барысында борышкерлерден 2 889 120 теңге көлемінде сома арнайы өндіріп алынды. автотұраққа 15 автокөлік қойылды.
 
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі