Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн егемен мемлекеттің дүниеге келуін және Қазақстан халқының тарихындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Тәуелсіздік - қазақ халқының бостандық пен дербестік жолындағы ғасырлар бойы күресінің нәтижесі. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде Ұлы дала жері соғыстарды, отарлау мен әлеуметтік күйзелістерді бастан өткерді. Алайда еркіндікке ұмтылу, мәдениетті, тілді және дәстүрді сақтау әрдайым ұлттық рухтың ажырамас бөлігі болып қала береді.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан елеулі даму жолынан өтті. Мемлекеттік институттар қалыптастырылып, Конституция қабылданды, ұлттық валюта – теңге енгізілді, сондай-ақ өз қарулы күштері құрылды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесіне, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының (ТМД), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) және басқа да халықаралық ұйымдардың қатысушысына айналды.
Экономикалық реформалармен қатар, Қазақстанда саяси реформалар да жүзеге асырылды, бұл Республика беделінің халықаралық деңгейде айтарлықтай артуына ықпал етті.
Бүгінде Қазақстан Батыс пен Шығыс мемлекеттері үшін сенімді серіктес ретінде танылып, әлемнің 187 елімен дипломатиялық қатынастар орнатқан және 70-тен астам халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, 100-ден астам елде елшіліктері мен консулдықтары бар, бұл Республиканың белсенді халықаралық саясатын айқындайды.
Қазіргі таңда Қазақстан – көпұлтты, әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Ол зор экономикалық әлеуетке ие және «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға, қоғам алдында есеп беретін, кәсіби мемлекет құруға ұмтылуда.
День независимости Республики Казахстан!
День независимости Республики Казахстан – один из главных государственных праздников страны, который ежегодно отмечается 16 декабря. Эта дата символизирует рождение суверенного государства и начало нового этапа в истории народа Казахстана.
Независимость стала результатом многовековой борьбы казахского народа за свободу и самобытность. На протяжении истории земля Великой степи переживала сложные времена – периоды войн, колонизации и социальных потрясений. Однако стремление к свободе, сохранению культуры, языка и традиций всегда оставалось неотъемлемой частью национального духа.
С момента обретения независимости Казахстан прошел значительный путь развития. Были сформированы государственные институты, принята Конституция, введена национальная валюта – тенге, а также создана собственная армия.
За годы независимости Казахстан стал полноправным членом Организации Объединенных Наций (ООН), а также участником Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ), Шанхайской организации сотрудничества (ШОС), Содружества Независимых Государств (СНГ), Евразийского экономического союза (ЕАЭС), Организации Договора о коллективной безопасности (ОДКБ) и других организаций.
Помимо ряда экономических реформ после подписания независимости Казахстана было проведено и политическое реформирование, что привело к заметному повышению авторитета Республики на международном уровне.
Сегодня Казахстан известен как надежный партнер западных и восточных государств, поддерживающий дипломатические отношения со 187 государствами мира и является членом свыше 70 международных организаций, имея посольства и консульства в более чем 100 странах, что подчеркивает его активную международную политику.
Сегодня Казахстан является многонациональной и динамично развивающейся страной, с экономическим потенциалом, стремящаяся воплотить концепцию «Слышащего государства» в реальность, быть профессиональным государством, подотчетным обществу.