Құқықтық мәдениет азаматтардың жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Шалғайдағы ауылдық округтерде құқықтық мәдениетті арттыру құралдарының бірі «Құқық кабинетін» құру болып табылады.
Әділет департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп ауылдық мекендерінің азаматтарына «Құқық кабинетін» іске қосу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігі, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (e-Otinish, EGOV, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділік бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.
«Құқық кабинетін» құру заңдарды өз бетінше зерделеу әдетін қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді, өйткені бүгінгі таңда әділет органдарының алдында міндет тек құқықтық ағартудан бөлек әлдеқайда кең, ал азаматтарды өз мүдделерін құқықтық салада қорғай білуге үйрету.