Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Талдықорған қаласы                                                30 маусым 2022 жыл

        

         Алматы облысы Әділет департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 1/12664-вн. бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Д.Д. Акимбековке жүктелді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусым аралығында жүргізілді.

Ішкі талдаумен 2022 жылдың жарты жылдық жұмыс мерзімі қамтылды.

Осы талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен айқындалатын тәртіпті сақтай отырып жасалды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.

         Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.

 

         Бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша.

         Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

         Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:

         - мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

         - заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;  

         - зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;

         - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.

 

         Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті.

 

         Нотариат және адвокатура саласында негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы», «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңдары;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген «Нотариустың ұй-жайына қойылатын талаптар»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығымен бекітілген «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы ереже»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 32 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу»;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу».

 

«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

         Атап айтқанда, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-2-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар тиісінше рәсімделмеген не олардын толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.

         Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметі беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, усынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

 

«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

Ұқсас қайшылықтар адвокатура саласындағы заңнамаларында анықталған, айтсақ Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңы (әрі қарай – Заң) және Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы №61 бұйрығымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» қызмет көрсету қағидаларының нормаларымен құжаттарды қайтару, немесе дәлелді бас тарту қарастырылған.

Атап айтсақ, Заңның 40-бабының 3-тармағында құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда,   ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, қайтару себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарады деп көрсетілген.     

Алайда, аталған Қағидалардың 5 тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

 Департамент өз тарапынан 2021 жылғы 28 қазанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне  анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру бойынша №06-20/158-МЮ хаты жолданды. Алайда, қазіргі таңға дейін аталған қайшылықтар тиісті қалыптастыруға келтірілмеген.  

 

Сот актілерін орындау салысындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер:

         - Қазақстан Республикасының  «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

         - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары.

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды  аттестаттау кезде: Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 2-тарауның 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды қабылдап алу аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күн деп көрсетілген.  

Алайда, «Е-лицензирование» Мемлекеттік деректер базасында    көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардың арызы келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күн беріледі.

 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңының 5-1-бабының 2-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін міндетті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.

«Е-лицензирование» Мемлекеттік деректер базасындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының стандарттарына қалыптастыру мақсатында, Департамент өз тарапынан ішкі талдау барысында 2021 жылғы 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне  анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру бойынша №03-09/1720-И хаты жолданды. Алайда, қазіргі таңға дейін аталған қайшылықтар тиісті қалыптастыруға келтірілмеген.   

 

Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:    

 

Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы

2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының штат саны

 Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

             41

              12

                  23

Барлығы: 76

2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының бос лауазымдар саны

              0

              12

                   0

Барлығы: 12

2022 жылдың 1-ші жарты жылдығының қабылданған қызметкерлер саны

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

2021 жыл

2022 жыл 

2021  жыл

2022 жыл

2021 жыл

2022 жыл

       1

       0

      0

     0

       0

            0

Барлығы 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 1

Барлығы 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 0

2022 жылдың 1-ші жарты жылдығында жұмыстан босатылған қызметкерлер саны

2021  жыл

2022 жыл

2021 жыл

2022 жыл

2021 жыл

2022 жыл

     4

      2

        2

       0

      1

        0

Барлығы 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 7

Барлығы 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 2

 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығы бойынша тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

 

3

0

3

Барлығы 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығында: 6

                 

Ең көп тәртіптік жаза санын, яғни ағымдағы жылда 3 қызметкерлердің 3, яғни 50% Департаменттің сот актілерін орындау аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты қолданылғандығын талдаудан көруге болады.

Аталған тәртіптік жазалар аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты, орындаушылық өндірістерді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзғандары үшін қолданылғаны анықталды. Яғни, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің тарапынан аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларының қызметтеріне тиісті деңгейде бақылау жүргізілмейтіндігін көрсетеді.

2021 жылы Департамент қызметкерлеріне қатысты қолданылған тәртіптік жауапкерлік мерзімінен бұрын алынған фактілер орын алмады.

 

            ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР

  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар

БАҚ бойынша талдау 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында Департамент қызметкерлеріне қатысты (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын  көрсетті.

2) ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық сервис»  базасындағы мәліметтері бойынша

Талдау барысында  «Ақпараттық сервис» ҚС және АЕАК базасы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеу бойынша фактілерге қатысты сұрау жолданды. Талдау барысында 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында Департаменттің 3 мемлекеттік қызметкеріне әртүрлі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 38 287.5 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғаны анықталды.

Қазіргі таңда, Департаменттің барлық лауазымды тұлғалары оларға салынған айыппұлдарды өз еркімен  төледі.

  • Департаменттің лауазымды тұлғаларымен жыл сайынғы салық декларациясын тапсыруы бойынша мәліметтер

       Жұмыс тобымен жүргізілген талдау шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің және олардың жұбайының (зайыбының) мемлекеттік кірістер органына салық декларациясын өткізуі бойынша тексеріс жүргізілді.

Департаментің барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайларымен (зайыбы) жыл сайынғы салық декларациясы уақытылы өткізілгендігі тексеріс нәтижесінде анықталды.

4) Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.

  

Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:

  1. Әкімшілік-құқықтық бөліміне қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын қатаң сақтауға бағытталған алдын ала сақтандыру сипатындағы шараларды жүйелі түрде өткізу.
  2. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне аумақтық бөлімдердің сот орындаушыларымен орындаушылық өндірістерді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтауына тұрғылықты тұрде қадағылау жасауға.
  3. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөліміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру туралы қайталап ұсыныстар жолдауға.
  4. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне анықталған нормативтік құқықтық актілеріндегі қайшылықтарды тиісті қалыптастыруға келтіру туралы қайталап ұсыныстар жолдауға.  

 

 

 

Ұсыныстарды орындау мерзімдері:

  1. Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөліміне осы анықтама ұсынысының 3-тармағының орындалуын 2022 жылдың 30 шілдесіне дейін жүзеге асыру.
  2. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне осы анықтама ұсынысының 4-тармағының орындалуын 2022 жылдың 30 шілдесіне дейін жүзеге асыру.

 

 

Алматы облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары                                                       Д. Акимбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Әділет департаментінің 2022 жылдың 1-ші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша талдамалық анықтамасымен жұмыс тобының танысу парағы

 

 

№

   Тегі, аты-жөні

                  Лауазымы

          Қолы

1

Кунакбаева Гульнар Имангальдиевна

Әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас мамны

 

 

2

Дауылбаева Айнур Турарбековна

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

 

3

Тойбаев Талғат Алимкулович

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы

 

4

Аубакиров Ельтай Нусипбекович

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы

 

5

Ешенов Айдархан Ешенович

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

7

Исаева

Жанна Болатовна

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 июля 2022