АХАТ желісі бойынша
2021 жылы Алматы облысының АХАТ органдары 89 595 азаматтық хал актілерін тіркеді, өткен жылдың сәйкес кезеңінде тіркелген акт жазбаларының саны 84 073 құрады, бұл 6% - ға немесе 5 522 акт жазбаларына артық.
Тіркеу түрінің атауы 2020 жыл 2021 жыл +/-
Туу туралы 50 493 52 577 + 2 084
Өлім туралы 16 791 19 668 + 2 877
Неке қию туралы 13 012 14 096 + 1 084
Некені бұзу туралы 2 799 2 011 - 788
Т. А. Ә. өзгерту туралы 978 1 243 + 265
Барлығы: 84 073 89 595 +5 522 (6 %)
Жоғарыда келтірілген статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай, тіркелген актілер санының 5 522-ге артуы байқалады.
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жою қағидаларының 88-тармағына сәйкес 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені бұзу туралы сот шешімінің негізінде АХАТ органдарында некені бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді. Бұл мәліметтер "АХАЖ ТП" ақпараттық жүйесіне автоматты түрде келіп түседі және неке қию туралы акт жазбасында автоматты түрде оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.
Осыған байланысты, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда некені бұзу туралы тіркелген актілер санының 788-ге төмендегені байқалады. 2021 жылдың 12 айында сот шешімі негізінде некені бұзу 875, өзара келісім бойынша некені бұзу 1 136.
Сондай-ақ, 2021 жылы АХАТ саласында Көксу және Райымбек ауданы әкімінің аппаратында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданды. Көксу және Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшыларына ұйғарымға сәйкес кемшіліктерді жою туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ жауапты маманға ауызша ескерту жасалды, алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол берілмеді.
Алматы облысы Әділет департаментінің 2021 жылға арналған жоспарының 32-тармағын орындау үшін Тіркеу қызметі саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі азаматтық хал актілерін тіркеу, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасында неке қию бойынша талдау жүргізді. Нәтижесінде, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша 01.11.2021 жылғы заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолданды.
25.11.2021 жылы Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Т.Ембердиев аталған ұсыныс қаралып, заң бұзушылық туралы ұсыныста көрсетілген бұзушылықтар бойынша аудандық және қалалық әкімдер аппараттарының басшылары мен АХАТ қызметкерлеріне бұдан әрі бұзушылықтарға жол бермеу туралы қатаң ескертілді, сондай-ақ түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.
30.09.2021 жылы Алматы облысының ауданаралық Әділет басқармаларының атына Е-Апостиль электрондық мемлекеттік қызметін дәріптеу бойынша кең ауқымды құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша кепілгерлік сипаттағы хат жолданды.
Алайда, Ақсу ауданының ауданаралық Әділет басқармасы Е-Апостиль мемлекеттік қызметін дәріптеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша бірнеше іс-шара өткізген жоқ.