Заңды тұлғаларды тіркеу саласында 2684 (835) тіркеу іс-әрекеті жүргізілді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тіркеу іс-әрекеттері 1849-ға ұлғайды.
Аталған кезең ішінде жергілікті атқарушы органдарды, білім беру органдарын мемлекеттік қайта тіркеуге, сондай-ақ "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" республикалық діни бірлестігі филиалдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізуге байланысты тіркеу іс-әрекеттерінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда артты.