Зияткерлік меншік құқығы бөлімі 9 айда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІ

Ағымдағы жылдың есептік кезеңінде Алматы облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен  зияткерлік меншік құқықтары саласында жеке және заңды тұлғалардың тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша 5 арызы  қарастырылған.

Қарастыру нәтижелеріне сәйкес, 2 арыз бойынша  жоспардан тыс тексеру тағайындалып, тексеру барысында ҚР ӘқбтК 158 бабына сәйкес құқық бұзушылық анықталмады. 1 арыз бойынша тексерілетін субъектіге қатысты нақты мәліметтердің (Т.А.Ж., ЖСН,орналасқан жері) болмауына байланысты қайтарылды. 2 арыз бойынша шағын және кіші кәсіпкерлерге тексеру шаралары ҚР Президентінің мораторий жариялануына байланысты қайтарылды.

№

Өтініштің кімнен түскені туралы

Қабылданған шешім

1

«Global Wine Distribution»

ЖШС-нің бас директоры

С.П. Шаховцевтың арызы

19.01.2021 жылы жоспардан тыс тексеру тағайындалып тексеріс шаралары жүргізілді. Тексеру барысында ӘқбтК 158 бабына сәйкес заң бұзушылық анықталған жоқ.

2

«Global Wine Distribution»

ЖШС-нің бас директоры

С.П. Шаховцевтың қайталама арызы

10.03.2021 жылы жоспардан тыс тексеру тағайындалып тексеріс шаралары жүргізілді. Тексеру барысында ӘқбтК 158 бабына сәйкес заң бұзушылық анықталған жоқ.

3

Жеке тұлға А.С. Жүнісованың «Пиала», «Ассам», «Dizzy» тауар таңбаларына қатысты арызы.

Тексерілетін субъектіге қатысты  нақты мәліметтердің (Т.А.Ж., ЖСН,орналасқан жері) болмауына байланысты қайтарылды.

4

ЖШС «Букмекерская контора «PM Бет»

Шағын және кіші кәсіпкерлерге тексеру шараларын тоқтату туралы  ҚР Президентінің мораторий жариялануына байланысты қайтарылды. 26.12.2019 ж №229 жарлығы

5

«Шымкет сыра қайнату зауыты» ЖШС

Шағын және кіші кәсіпкерлерге тексеру шараларын тоқтату туралы  ҚР Президенті мораторий жариялануына байланысты қайтарылды.  26.12.2019 ж №229 жарлығы

 

Құқықтық түсіндіру жұмыстары

Зияткерлік меншік саласында 540 құқықтық түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда,  семинар – 70 (2020 ж.-31), дөңгелек үстел- 74 (2020 ж.-18), дәріс-118 (2020 ж.-44), БАҚ беттерінде мақала – 37 (2020 ж.-21), әлеуметтік желі (инстаграм,фейсбук парақшаларында жарияланған ақпарат)-212 (2020 г.-130),   ТВ-радиодан сұхбат беру -29 (2020 г.-25),

Дата публикации
19 октября 2021