Хабарландыру

Алматы облысы Әділет департаменті «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-1 бабының 1 тармағы және 167 бабының 11) тармақшасына сәйкес тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден және аттестаттаудан өтуге өтініштерін қабылдау басталғандығын хабарлайды. Құжат қабылдау мерзімі 26.08.2021ж. дейін.

Тестілеу және аттестаттау Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 38, Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылдың қыркүйек айының 02 күні сағат 10:00 де өтетіндігін хабарлайды.

ЕСКЕРТУ!

Тіркеу сағат 09:30 - дан басталады.

Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 4-тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Үміткер аталмыш тестілеумен аттестаттаудан өтуге дәлелді себептермен және келесі аттестаттауға қатысуға ниет білдірген болса Комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайтадан келмеген жағдайда, оның арызы қараусыз қалдырылады және аттестаттау өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттары кері қайтарылады. 

 

Объявление
Дата публикации
17 августа 2021