Талдықорған қаласы 30 маусым 2021 жыл
Алматы облысы Әділет департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының 2021 жылғы 15 мамырдағы № 1/11618-вн. бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Д.Д. Акимбековке жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың 18 мамыры мен 30 маусым аралығында жүргізілді.
Ішкі талдаумен 2021 жылдың 1-ші жарты жылдық жұмыс мерзімі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.
Бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:
- мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
- заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
- зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті.
Сот актілерін орындау салысындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары.
Нотариат және адвокатура саласында негізгі нормативтік құқықтық актілер:
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.
Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау кезде: «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-1-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық берілмеген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары құжаттармен бірге берілген өтінішті олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, қарамастан қайтарады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 2-тарауның 7-тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар 2020 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша анықталып, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды өз қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсыныс жолдау туралы ұсыныс берілген.
Департамент өз тарапынан 2021 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау Департаментіне №03-09/41-И тиісті шығыс хаты жолданған болатын. Алайда, қазіргі кезге дейін анықталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар өз қалпына келтірілмеген.
Осыған орай, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сот актілерін орындау Департаментіне аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды өз қалпына келтіру туралы ұсыныс келтіріп, қайтадан хат жолдау қажет деп санаймыз.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу мемлекеттік көрсетілетін қызметі
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-2-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар тиісінше рәсімделмеген не олардын толық топтамасы табыс етілмеген жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары қайтару себебі туралы жазбаша хабарламамен ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде үміткерге өзі ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті қарамастан қайтарады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметі беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, усынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
Аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар 2020 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша анықталып, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөліміне аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды өз қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсыныс жолдау туралы ұсыныс берілген.
Департамент өз тарапынан 2021 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне №06-20/38-И тиісті шығыс хаты жолданған болатын. Алайда, қазіргі кезге дейін анықталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар өз қалпына келтірілмеген.
Осыған орай, Департаменттің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды өз қалпына келтіру туралы ұсыныс келтіріп, қайтадан хат жолдау қажет деп санаймыз.
Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы
|
2021 жылғы штат саны |
||||||||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
||||||
|
41 |
12 |
23 |
||||||
|
Барлығы: 76 |
||||||||
|
2021 жылғы бос лауазымдар саны |
||||||||
|
3 |
1 |
4 |
||||||
|
Барлығы: 5 |
||||||||
|
2021 жылы қабылданған қызметкерлер саны |
||||||||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
||||||
|
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
|||
|
0 |
1 |
5 |
0 |
0 |
0 |
|||
|
Барлығы 2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы: 5 Барлығы 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы: 1 |
||||||||
|
Жұмыстан босатылған қызметкерлер саны |
||||||||
|
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы |
|||
|
3 |
4 |
0 |
2 |
2 |
1 |
|||
|
Барлығы 2020 жылдың 1-ші жарты жылдығы: 5 Барлығы 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы: 7 |
||||||||
|
Тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат |
||||||||
|
Департамент |
Аумақтық әділет басқармалары |
Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері |
||||||
|
2021 жылы |
2021 жылы |
2021 жылы |
||||||
|
|
2 |
0 |
4 |
|||||
|
Барлығы 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығы: 6 |
||||||||
Ең көп тәртіптік жаза санын, яғни 6-дан 4-і Департаменттің сот актілерін орындау аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты қолданылғандығын талдаудан көруге болады.
Аталған тәртіптік жазалар аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты, орындаушылық өндірістерді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзғандары үшін және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын бұзғандары үшін қолданылғаны анықталды. Яғни, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің тарапынан аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларының қызметтеріне тиісті деңгейде бақылау жүргізілмейтіндігін көрсетеді.
2021 жылдың 1-ші жарты жылдығында Департамент қызметкерлеріне қатысты қолданылған тәртіптік жауапкерлік мерзімінен бұрын алынған фактілер орын алмады.
ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАН БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
БАҚ бойынша талдау 2021 жылдың Департамент қызметкерлеріне қатысты (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын көрсетті.
2) ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық сервис» базасындағы мәліметтері бойынша
Талдау барысында «Ақпараттық сервис» ҚС және АЕАК базасы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеу бойынша фактілерге қатысты сұрау жолданды. Талдау барысында 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығында Департаменттің 8 мемлекеттік қызметкеріне әртүрлі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынғаны анықталды.
Қазіргі таңда, Департаменттің барлық лауазымды тұлғалары оларға салынған айыппұлдарды өз еркімен төледі.
3)Департаменттің лауазымды тұлғаларымен жыл сайынғы салық декларациясын тапсыруы бойынша мәліметтер
Жұмыс тобымен жүргізілген талдау шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің және олардың жұбайының (зайыбының) мемлекеттік кірістер органына салық декларациясын өткізуі бойынша тексеріс жүргізілді.
Департаментің барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайларымен (зайыбы) жыл сайынғы салық декларациясы уақытылы өткізілгендігітексеріс нәтижесінде анықталды.
4) Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.
Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:
Ұсыныстарды орындау мерзімдері:
Алматы облысы
Әділет департаменті
басшысының орынбасары Д. Акимбеков
|
№ |
Тегі, аты-жөні |
Лауазымы |
Қолы |
|
1 |
Туменбаев Жанат Кулымбетович |
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысының м.а.
|
|
|
2 |
Дауылбаева Айнур Турарбековна |
Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы |
|
|
3 |
Байсултанова Гүлдана Дукенбаевна |
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы |
|
|
4 |
Аубакиров Ельтай Нусипбекович |
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы |
|
|
7 |
Исаева Жанна Болатовна |
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы |
|