Сізді «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» туралы хабарландыру

Алматы облысы Әділет департаменті «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 141-1 бабының 1 тармағы және 167 бабының 11) тармақшасына сәйкес тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеуден және аттестаттаудан өтуге өтініштерін қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Тестілеу және аттестаттау Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 38, Алматы облысы Әділет департаментінде 2021 жылдың маусым айының 15 күні сағат 10:00 де өтетіндігін хабарлайды.

ЕСКЕРТУ!

Тіркеу сағат 09:30 - дан басталады.

Үміткер аталмыш тестілеумен аттестаттаудан өтуге дәлелді себептермен және келесі аттестаттауға қатысуға ниет білдірген болса Комиссияның келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайтадан келмеген жағдайда, оның арызы қараусыз қалдырылады және аттестаттау өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттары кері қайтарылады.

 

Сізді «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» туралы хабарландыру
Дата публикации
12 мая 2021