Алматы облысы Әділет департаментінің 2020 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Алматы облысы Әділет департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылды, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданды.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында, Департамент басшысының м.а. 2020 жылғы 16 қарашадағы № 579-н бұйрығымен құрамына құрылымдық бөлімшелер басшылары енгізілген жұмыс тобы бекітілді (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі). Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық аталған бұйрыққа сәйкес Департамент басшысының орынбасары Д.Д. Акимбековке жүктелді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 16 қарашасы мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілді.

Ішкі талдаумен 2020 жылдың жұмыс мерзімі қамтылды.

          Осы талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларымен айқындалатын тәртіпті сақтай отырып жасалды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау Департаменттің барлық бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша жүргізілді.

         Талдау қорытындысы бойынша келесілер анықталды.

         Бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша.

         Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да әділет органдары қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

         Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Департамент келесі салалардағы функцияларды жүзеге асырады:

         - мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

         - заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;        

         - зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;

         - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету.    

         Департамент бөлімдерінің қызметтерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген ішкі талдау қорытытындысы келесіні көрсетті.

Сот актілерін орындау салысындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер:

         - Қазақстан Республикасының  «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңы;

         - «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 61 бұйрығы;

         -«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметстандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 221 бұйрығы;

         - «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 446 бұйрығы;

         - «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 307 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталды.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды  аттестаттау кезде: «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-1-бабының 3-тармағына сәйкес, құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық берілмеген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары құжаттармен бірге берілген өтінішті олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, қарамастан қайтарады.

Алайда, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген  «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 2-тарауның 7-тармағына сәйкес, Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.

        Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен   куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

         Осыған орай, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Әділет миинистрлігінің сот актілерін орындау Департаментіне аталған нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды өз қалпына келтіру туралы ұсыныс келтіріп, хат жолдау қажет деп санаймыз.

 

Департаменттің ұйымдастыру және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:   

Персоналды басқару, сонымен бірге кадрлардың ауысымы

2020 жылғы штат саны

 Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

             48

              18

                  23

Барлығы: 89

2020 жылғы бос лауазымдар саны

              10

              1

                   4

Барлығы: 15

2020 жылы қабылданған қызметкерлер саны

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

2019 жылы

2020 жылы

2019 жылы

2020 жылы

2019 жылы

2020 жылы

       3

       1

      0

     5

       0

            0

Барлығы 2019 жылы: 3

Барлығы 2020 жылы: 6

Жұмыстан босатылған қызметкерлер саны

2019 жылы

2020 жылы

2019 жылы

2020 жылы

2019 жылы

2020 жылы

     10

      9

      25

    2

      1

         4

Барлығы 2019 жылы: 36

Барлығы 2020 жылы: 15

 Тәртіптік жаза қолдану бойынша ақпарат

Департамент

Аумақтық әділет

басқармалары

Сот актілерін орындау аумақтық бөлімдері

2020 жылы

2020 жылы

2020 жылы

 

4

1

9

Барлығы 2019 жылы: 14

                 

Ең көп тәртіптік жаза санын, яғни 14-ден 9-ы Департаменттің сот актілерін орындау аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты қолданылғандығын талдаудан көруге болады.

Аталған тәртіптік жазалар аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларына қатысты, орындаушылық өндірістерді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын бұзғандары үшін қолданылғандықтары анықталды. Яғни, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің тарапынан аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларының қызметтеріне тиісті деңгейде бақылау жүргізілмейтіндігін көрсетеді.

 

            ТАЛДАУ ЖАСАЛҒАН САЛАДАН ТУЫНДАҒАНБАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР

  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар

БАҚ бойынша талдау 2020 жылы Департамент қызметкерлеріне қатыстысыни (жағымсыз) жариялымдар фактілері болмағандығын  көрсетті.

2) ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық сервис»  базасындағы мәліметтері бойынша

Талдау барысында  «Ақпараттық сервис» ҚС және АЕАК базасы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеу бойынша фактілерге қатысты сұрау жолданды. Талдау барысында 2020 жылдың  басынан Департаменттің 14 мемлекеттік қызметкеріне әртүрлі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, әскери тіркеудің міндеттілігін орындамаған үшін 1 қызметкеріне әкімшілік айыппұл салынғаны анықталды.

Қазіргі таңда, Департаменттің барлық лауазымды тұлғалары оларға салынған айыппұлдарды өз еркімен  төлеп бітірді.

      3)Департаменттің лауазымды тұлғаларымен жыл сайынғы салық декларациясын тапсыруы бойынша мәліметтер

       Жұмыс тобымен жүргізілген талдау шеңберінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің және олардың жұбайының (зайыбының) мемлекеттік кірістер органына салық декларациясын өткізуі бойынша тексеріс жүргізілді.

Департаментің барлық мемлекеттік қызметшілері және олардың жұбайларымен (зайыбы) жыл сайынғы салық декларациясы уақытылы өткізілгендігітексеріс нәтижесінде анықталды.

4) Департаменттің лауазымдық тұлғаларымен жасалған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша мәліметтер

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес Департамент лауазымды қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін жауапкершілікке тартылғандары туралы мәлімет жоқ.

  

Жүргізілген талдаудың негізінде, ұсынылады:

  1. Әкімшілік бөліміне қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын қатаң сақтауға бағытталған алдын ала сақтандыру сипатындағы шараларды жүйелі түрде өткізу.
  2. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне аумақтық бөлімдердің сот орындаушыларымен орындаушылық өндірістерді орындау барысында Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтауына тұрғылықты тұрде қадағылау жасау.
  3. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларының 2-тарауның 7-тармағын «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-1-бабының 3-тармағымен сәйкестендіру туралы Қазақстан Республикасының Әділет миинистрлігінің сот актілерін орындау Департаментіне қайталап ұсыныс жолдауға.

 

Ұсыныстарды орындау мерзімдері:

  1. Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөліміне осы анықтама ұсынысының 3-тармағының орындалуын 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін жүзеге асыру.

 

 

Алматы облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары                                                               Д. Акимбеков

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Әділет департаментінің 2020 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша талдамалық анықтамасымен жұмыс тобының танысу парағы

 

 

№

   Тегі, аты-жөні

                  Лауазымы

          Қолы

1

Туменбаев Жанат Кулымбетович

Әкімшілік бөлімінің басшысының м.а.

 

 

2

Дауылбаева Айнур Турарбековна

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы

 

3

Байсултанова Гүлдана Дукенбаевна

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы

 

4

Аубакиров Ельтай Нусипбекович

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы

 

5

Сейдіғапар Асан Асқарұлы

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысының м.а.

 

6

Арынханұлы Тілек

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы

 

7

Исаева

Жанна Болатовна

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

 

 

 

Алматы облысы Әділет департаментінің 2020 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
05 января 2021