Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Заң консультанттарының қызметі

Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады. Заң консультанты көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып отырған кез келген заң көмегін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда көрсетуге құқылы. Заң консультанты өзіне өтініш жасаған тұлғамен өзінің атынан заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарт жасасады. Заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін заң консультанты заң көмегін көрсеткен жағдайда, клиентке заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты заңды тұлға жасасады. Заң консультанты шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде елу заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады.

Документы
Ақпарат
25 декабря 2025
Алматы облысының Әділет департаменті
Алматы облысының 2026 жылға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша заң консультанттарының тізімі.
Ақпарат
25 июля 2022
Алматы облысының Әділет департаменті
Заң консультанттары қызметінің ақпараты
Баяндама
09 марта 2022
Алматы облысының Әділет департаменті
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылы әдіснамалық қамтамасыз ету және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің атқарған жұмысы туралы баяндама
Новости
Полезные материалы
Заң консультанттарының қызметі
Медиагалерея
1
Тегін құқықтық кеңес
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Алматы облысының Әділет департаменті
Алматы облысы Әділет департаменті
Алматы облысы Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Часто задаваемые вопросы
Заң кеңесші деген кім?

Заң кеңесшісі– жоғары заң білімі, екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, аттестациядан өткен, Заң кеңесшілер палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға.

Кім заң кеңесшілер палатасының мүшелігіне кір еалады?

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін (жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, аттестациядан өткен) жеке тұлға Заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады.

Заң кеңесші мен адвокаттың айырмашылығы неде?

Заң кеңесшісі заңгер емес; оның адвокат мәртебесі жоқ, бірақ өз біліктілігі шеңберінде заңгерлік көмек көрсетеді, ал адвокат – лицензиясы бар және заңмен неғұрлым тар реттелетін заң қызметі шеңберінде әрекет ететін маман.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы