Іс-шара барысында Департамент басшысы қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, олардың заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әділет органдарының алдына қойылған міндеттерді орындау жолындағы еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Мерекеге орай қызметтік міндеттерін тиісінше орындап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге грамоталар табыс етілді.
Іс-шара қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін атап өтуге және мемлекеттік қызметтің маңыздылығын дәріптеуге бағытталды.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету, алимент өндіріп алу, сондай-ақ халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі.
Түсіндіру жұмыстары барысында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, әдеп нормаларын бұзуға бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, белгіленгін шектеулер мен тыймдарды сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың профилактикасы бойынша мәселелер талқыланды.
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі
Қабылдау барысында азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету, алимент өндіріп алу және басқа да сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақтөбе облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан "некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және алаяқтық сипатқа ие екендігін ескертеміз.
Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді.
Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады.
Некені бұзу тіркеуші орган арқылы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырамыз.
Дұрыс әрі нақты ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз.
ҚР Әділет министрлігі
Ақтөбе облысы Әділет
департаментінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру. Кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алды.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі
Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру. Кез келген азамат қажетті заңгерлік кеңес, сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінен өзіне қажетті мәселелер бойынша түсініктеме ала алды.
Ақтөбе облысы
әділет департаментінің
баспасөз қызметі