
18.03.2021 ж. Ақтөбе облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік Палатасының басшысының орынбасары К.Ж.Танкаевтың қатысуымен Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ғимаратында «ADAL КӨМЕК» және «Адалдық алаңы» жобаларының тікелей эфирі өткізілді.
Эфир уақыты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды талқылауға арналды.
Сонымен қатар, республикалық және өңірлік жеке сот орындаушылар Палаталарының өкілеттіктері, басқару органдары және қызметті қаржыландыру сұрақтар бойынша түсінік берілді.