Меню

Страницы

Статья

«Нотариаттық қызметтерге ақы төлеу мөлшері және құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге ақы төлеуден босатылған тұлғалар туралы» тақырыбына мақала

Жекеше тәжірибе мен айналысатын нотариустар нотариаттық іс–әрекеттер жасағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексте (бұданәрі - Кодекс) және «Нотариат туралы» заңда (бұданәрі-Заң) белгіленген тарифтерге сәйкес аталған іс-әрекеттерүшін ақы алады.

Бұлретте жекеше нотариустың қызметтері үшін тарифтер екі құрамдас бөліктен құралады және нотариаттық іс-әрекет жасалғанға дейін алынады.

Бірінші құрамдас бөлігі нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж болып табылады, оның мөлшері Кодекстің 611-бабында белгіленген.

Екінші құрамдас бөлігі нотариаттық іс-әрекеттер түрінен шығатын және Заңның 30-1-бабында көзделген құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер үшін ақы төлеу.

Заңның 17-бабының 2 және 3-тармақшаларында көзделгеніс-әрекеттер, атапайтқанда құжаттардың көшірмелерін және олардан үзінділерін дайындау, нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша кеңес беру құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтер болып табылады.

Осылайша, нотариустарға нотариаттық іс-әрекеттер жасауға жүгінген адамдардан құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге ақытөлеуді талап ету құқығы берілді.

Сонымен бірге,  жекебасты сәйкестендіру және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдана отырып басқа да мәліметтерді тексеру, сондай-ақ жасалуы міндеті қолданыстағы заңнамада тікелей көзделген өзге де іс-әрекеттер құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерге жатпайды.

Төлем алуданбасқа, заңшығарушы азаматтардың белгілі бір санатын нотариустың да, мемлекеттік баждың да қызметтерін төлеуден босатуға мүмкіндік беретін негіздерді қарастырды.

Заңның 30-1 - бабының 2-тармағында құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерден босатылуға жататын адамдардың толық тобы белгіленген.

Аталған санатқа жататындар:

- нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өзбетінше дайындаған жеке және заңды тұлғалар;

- Кодексінің 617-бабының 4), 6) және 7)тармақшаларында көрсетілген тұлғалар;

-қарттар мен мүгедек адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедекадамдар;

-ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар;

- бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек адамдар;

- жасына байланысты зейнеткерлер;

-осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша өндіріп алушылар.

Аталған тұлғалар жеке нотариусқа салық заңнамасында белгіленген тарифтердіғана төлейді.

Сондай-ақ, Кодексте мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар тобы да көзделген.

Атапайтқанда, Кодекстің 617-бабымен мемлекеттік төлеуден босатылған адамдар тобына:

-қандастар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша;

-«Қазақстан мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы» одағы (ҚМЕҚ), Қазақ саңыраулар қоғамы (ҚСҚ), Қазақ зағиптар қоғамы (ҚЗҚ), сондай-ақ олардың өндiрiстiк кәсiпорындары – барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша;

- жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, олар он сегіз жасқа толғанға дейін-оларға мұраға құқық туралы куәліктер бергені үшін.

Заңшығарушы мемлекеттік бажды да, құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерді де төлеуден толық босатылатын адамдар тобын анықтады.

Көрсетілген санатқа мыналар жатады:

-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрысқимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдар 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында болған және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен және медаль ары мен наградталмаған;

- мүгедектер, сондай-ақ бала жасына мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі;

-«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күмісалқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар;

- қорғаншылық тағайындалған созылмалы психикалық аурумен ауыратын адамдар.

Нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш білдірген адамдарды жеңілдікті санатқа жатқызуды нотариус растайтын құжаттардың, мысалы, зейнетақы куәлігі, мүгедектік туралы анықтама сияқты құжаттардың негізінде айқындайды.

Сонымен бірге, іс жүзінде нотариус көп жақты мәмілені куәландырады, онда тараптардың бірі нотариаттық іс-әрекетті немесе құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерді жасағаны үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, онда тиісті шығыстарды жеңілдікті контингентке жатқызылмаған тарап жүргізеді.

Нотариаттық қызметтерге ақы төлеуден толық босату мәміленің барлық тараптары азаматтардың жеңілдікті санатына жатқызылған кездеғана жүзеге асырылады.

Нотариустың үй-жайы бекітілген талаптарының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік баж сомалары, құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерді төлеуден босатылған тұлғалар туралы толық ақпаратміндетті түрде әр бір азаматтың олар мен танысуға мүмкіндігі бар жекеше нотариус кеңсесінің холлында орналастырылады.

Дата публикации
27 августа 2022
Дата обновления
27 августа 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы