Меню

Страницы

Статья

Қызмет бабында сыйлық бергенде де, алғанда да жазаланады.

Сыйлық – сыйлық берушінің өз еркімен тегін сыйлықты алушының көңілінен шығып толық иеленуіне берілетін зат. Сыйлықтың сыйлық пен қайырымдылыққа ұқсас мағынасы бар.

Бірақ, әдетте, сыйлықты ұсыну қандай да бір себептерге байланысты: белгілі бір оқиға, әдет-ғұрып немесе мереке. Анықтамаға сүйенсек сыйлық беруші өз еркімен немесе қандай да бір себеппен сыйлық береді. Онда адам өзі берсе, неге алмасқа? Бірақ бұл жағдай мемлекеттік қызметті атқаратын адамдарға қатысты емес, өйткені заңнамалармен мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға шектеулер белгіленген.

Бұл шектеулер тіпті отбасы мүшелеріне – жұбайы (зайыбы), ата – аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдарға да қолданылады.                    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12–бабының 1-тармағының 4-тармақшасына және 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшінің өзі және оның отбасы мүшелерінің өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне немесе лауазымдық міндеттеріне қатысты қандай да бір мәселелерді (әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін) шешуге қатысты мүдделі тұлғадан материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе алуға құқықтары жоқ.

Сондықтан, белгілі бір мәселелерді шешуге байланысты сыйлаушының  пайдакүнемдік мақсаттарын қамтитын сыйлықтар мен қызметтер пара ретінде бағаланады.  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50 – бабының 1 – тармағының 10, 17 тармақшаларына сәйкес, ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі және өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген фукнцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы – әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болып бағаланады.

Сыйлықтар алғанда немесе шотқа ақша түссе не істеу қажет? Заңнамада алған қаражаттың анықталғанынан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке  аударылуы көзделген.

Адамдарға хабарсыз алынған сыйлықтар сыйлықты алған күннен бастап немесе адамға сыйлықты алғаны туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз тапсырылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметші және оның отбасы мүшелері заңсыз пайдаланған қызмет жайлы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке қызметтің құнын ақша аудару арқылы өтелуі қажет.

Әкімшілік немесе қылмыстық жазаға ілінбеудің басты жолы – мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз орындап, сыйлық пен пара арасындағы жіңішке қылды шатастырмау қажет.

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы