2020 жылғы 7 қаңтарда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша» кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң күшіне енді 2022 жылғы 1 шілдеден бастап пәтер иелерінің кооперативтерінің әрекетін жояды.
Осыған орай, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін таңдауға міндетті: мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі (жай серіктестік).
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі