Меню

Страницы

Статья

Атқарушылық санкциясы қандай жағдайларда орындалады?

Мемлекеттік сот орындаушсы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейін борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызы мөлшерінде немесе мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде  төлеуді  ұсынады.

         Борышкер бас  тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады.

         Егер борышкер атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындатуға ұсынылғанға дейін толық көлемде атқарушылық құжат орындаса; атқарушылық құжат бойынша өндірілген сомадан он пайызы мөлшерінде өндірілуге тиісті атқарушылық санкциясы бір айлық есептік көрсеткіштен аз болса; борышкер мемлекет болып табылса, атқарушылық санкциясы өндірілмейді.

         Атқарушылық санкциясы республикалық бюджетке аударылады. Борышкер атқарушлық  санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысын дауға салу туралы арызбен, оны өндіріп алудың мерзімін кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкциясын өндіріп алудан босату туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

№4 сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімінің

аға сот орындаушысы Л.Рахманбергенова

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы