Жауап: ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 160-бабына сәйкес, талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.
Судья іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.
Осының негізінде, мүлкіңізді тыйымнан босату үшін соттан тыйымнан босату туралы ұйғарымды алып, Әділет департаментіне немесе жеке сот орындаушысына орындауға жолдауыңыз қажет.
Тиісінше, сот орындаушысы ұйғарым негізінде тыйымнан босату туралы қаулыны шығарып, тіркеуші органдарға орындауға жолдайды.