Жауап: Сот берешегі болған жағдайда оны «Kaspi bank» қосымшасы арқылы Төлемдер – Айыппұлдар және төлемдер – «Сот берешектерін төлеу» бөлімінде өтеу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Берешектің бар-жоғын тексеру үшін өзіңіздің ЖСН енгізу қажет, содан соң қолданыстағы сот берешектері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қарызды өтеу үшін төлем әдісін таңдаған соң, қарыз автоматты түрде өтеледі және 30 минут ішінде елден шығуға салынған тыйымдар алынады.
Атқарушылық іс жүргізуде төлеуге арналған деректемелер көрсетілмеген жағдайда, атқарушылық өндіріс туралы ақпарат көрсетілуі мүмкін, алайда берешекті төлеу мүмкіндігі болмайды. Бұл жағдайда Сіз төлем туралы мәліметтерді алу үшін жеке сот орындаушысымен байланысуыңыз керек.
Сот орындаушыларының байланыс нөмірлері Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен және ҚР Электрондық үкіметінің сайтынан білуге болады (egov.kz).
Ерекшелік: алимент өндіру, заңды тұлғалардан өндіріп алу, сондай – ақ мүліктік емес сипаттағы өндіру туралы істер – борышкерден белгілі бір соманы талап етпейтін істер (жұмыстан шығару немесе жұмысқа қайта алу туралы).