Жауап: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
1) мемлекеттік органдардың ішінде тең дәрежелі лауазымға;
2) мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органдардың ішінде жоғары тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.