Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Адвокаттық құпия дегеніміз не?

Жауап: Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.

Адвокаттық құпияға жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келiсуiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi адвокаттық құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Адвокаттық құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы