Меню

Страницы

Статья

«Doing Business» рейтингінде Қазақстан Республикасының жетістіктері

2019 жылы Қазақстан Республикасы бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 8 позицияға (36-дан 28-орынға) көтеріліп, әлемнің отыз елінің қатарына кірді. Аталған рейтинг 10 индикатор бойынша қалыптасатынын ескере отырып, негізгі жұмыс тиісті бағыттарда бюрократиялық кедергілерді азайту есебінен жүргізілді.

"Кәсіпорындарды тіркеу" индикаторы тіркеуші органның қызметін бағалау көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы индикатор бойынша Қазақстан 5 позицияға ілгерілеп, 36 – орынды иеленді.

Бұл индикаторды айтарлықтай жақсарту, бірінші кезекте, реформалар жүргізумен және бизнесті тіркеу кезінде рәсімдерді жеңілдетумен  байланысты, атап айтқанда:

- ҚҚС бойынша тіркеуге қою үшін қажетті уақыт бестен бір жұмыс күніне дейін қысқарды;

-"Электрондық үкімет" веб-порталында бизнесті тіркеу мерзімі қысқартылды. Енді тіркеу уақыты бір жұмыс сағатынан аспайды;

- заңды тұлғаны тіркеу процедурасы   банк шотын бір мезгілде ашу және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қоса   жүргізіліп қызмет еңгізілді;

-нөлдік жарғылық капиталы бар заңды тұлғаны тіркеу мүмкіндігі берілді;

-бизнестің  құрылтай құжаттарын тіркеу жойылды;

-мөрдің міндетті түрде болуы алынып тасталды.

Аталған жаңалықтар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды жасау бойынша "Doing Business" халықаралық рейтингісінде Қазақстанды келесі сатыға шығарады.

                          

 

   Тіркеу қызметі саласындағы

   әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау

   бөлімі

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы