2018 жылдың 30 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу функциясы әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-на (әрі қарай-корпорация) берілді. Яғни, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды), кондоминиумды, мерзімі бір жылдан аса жасалған жалдау шартын тіркеу, сондай-ақ құқықтық кадастрдан ақпарат алу туралы өтініштер мен сұраныстарды корпорацияға жолдау қажет.
Әділет органдарында нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, аталған салада мемлекеттік саясатты жүргізу және бақылау бойынша функциясы бар.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап шаруашылық серіктестіктерді (ЖШС, ҚЖС, ТС), мемлекеттік кәсіпорындарды, өндірістік кооперативтерді, коммерциялық акционерлік қоғамдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мен таратуды тіркеу де корпорацияға берілді.
Әділет органдарында коммерциялық емес заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу процедураларын жүзеге асыру мен аталған саладағы корпорацияның қызметіне бақылау жасау функциялары сақталды.
Аталған жаңалықтардың барлығы «Doing Business», Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі сияқты халықаралық рейтингтеріндегі Қазақстанның ұстанымдарын жақсарту үшін енгізілді, өйткені бұл рейтингтер, өз кезегінде, әлемдегі инвесторлармен қолданысқа ие.
Сондай-ақ бұл халыққа да тиімді, өйткені бірнеше процедураны біріктіру жолымен бизнес пен мүлікті тіркеуге кететін уақытты қысқартуға, азаматтар мен бизнес-құрылымдардың оларды рәсімдеу және тіркеу кезінде жұмсалатын шығынын азайтуға әкеліп соқтырды.
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік
қамтамасыз ету және бақылау бөлімі