Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Атқарушылық іс жүргізуде күштеп әкелу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

Жауап: Борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі бола тұра, сондай-ақ атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде борышкер сот санкциялаған сот орындаушысының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі мүмкін.

Күштеп әкелуді сот орындаушысы ішкі істер органы қызметкерінің қатысуымен үш сағаттан аспайтын мерзімге және жұмыс күндері сағат тоғыздан он сегізге дейін ғана атқарушылық әрекеттер жасау орнына мәжбүрлеп апару арқылы жүзеге асырады.

Шақыру туралы тиісінше хабарланған борышкердің келмеуінің дәлелді себептері деп: борышкердің келуіне мүмкіндік бермейтін ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, борышкердің тағайындалған мерзімге келуіне мүмкіндік бермейтін өзге де себептер танылады. Борышкер шақыру бойынша тағайындалған мерзімге келуіне кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған сот орындаушысын хабардар етуге міндетті.

Күштеп әкелу туралы қаулыны сот орындаушысы борышкерге оны орындаудың алдында хабарлайды, бұл оның қаулыға қол қоюымен куәландырылады.

      Борышкер қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде қаулыға белгі қойылады.

Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиісті денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиіс науқастар күштеп әкелуге жатпайды.

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы