Меню

Страницы

Статья

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қажет

Әділет органдарының мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы негізгі функцияларының бірі жергілікті өкілді жәіне атқарушы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу болып табылады.

«Құқықтық актілер туралы» Заңының (әрі қарай-Заңы) талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады. Мұндай тiркеу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.

Заңының 33-1 бабына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларынан басқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының нормативтік қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің жобалары да міндетті тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жасауға жатады.

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 451қаулысы қабылданды.

Аталған қаулыда, нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама оны Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына (бұдан әрі – әділет органдары) келісуге енгізгенге дейін жүргізіледі деп көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңнамалық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны өткізу қажеттігі туралы тапсырмасы болатын жағдайларды қоспағанда, қажет болған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім әзірлеушінің келісімімен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына:әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әділет органдарының ескертулері мен ұсыныстары бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап етпейтін нормативтік құқықтық актілер:

ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңнормативтікқұқықтықжарлықтарының;

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің;

ҚазақстанРеспубликасыПарламенті мен оныңпалаталарыныңнормативтікқаулыларының;

Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының;

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;

заңнамалық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына және Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының;

нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің;

тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің;

сайлау учаскелерін құру және үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің;

әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілердің;

республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілердің;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

жария сервитутты белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілердің;

мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын беіту туралы нормативтік құқықтық актілердің;

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспаға арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қолданылмайды.

Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Қағидалардың осы тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге де қолданылмайды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін әзірлеуші қағаз және электрондық түрде үйлестірушіге мынадай материалдарды жібереді:

- нормативтік құқықтық актінің жобасы (қазақ және орыс тілдерінде);

- нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

- қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырмалы кесте (қазақ және орыс тілдерінде);

- заң жобасының тұжырымдамасы (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);

- зерделенетінпроблемаларболғанкездеоларбойыншастатистикалықдеректер (бар болса).

Үйлестіруші әзірлеуші ұсынған материалдардың толыққандылығын тексереді және олар Қағидалардың 21-тармағына сәйкес келген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын тіркейді.

 Әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша материалдардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі 2 жұмыс күні ішінде әзірлеушіге материалдарды қайтару туралы дәлелді негіздемемен хабарлама жібере отырып, оларды қарамай қайтарады.

Әзірлеуші үйлестірушінің хабарламасында көрсетілген себептерді жойғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтадан ұсынады.

Сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеген жағдайда әзірлеуші сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде үйлестірушіге келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жолдайды.

 Ақтөбе облысы

Әділет департаментінің

НҚА тіркеу бөлімінің бас маманы,

Қазақстан Заңгерлер Одағының  мүшесі

Жұмабекова Эльмира Шамшадинқызы

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы