Жауап: Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін келесілер қажет:
- «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы (egov.kz, www.elicense.kz) лицензия алу үшін құжаттарды жолдау;
- Өтініш пен мәліметтер нысанын толтыру (арыз берушінің жеке басына қатысты деректер, диплом, тағылымдамадан өту туралы мәліметтер);
- Лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (6 АЕК, 2020 жылы – 16668 теңгені құрайды);
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер,
судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі, қабылданған күні, судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні, босату негізі (Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін);
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес атқаратын лауазымынан босату себебін қамтитын прокуратура немесе тергеу органдарында жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (теріс себептер бойынша босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі).
- Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады, яғни бұл құжаттарды тапсыру талап етілмейді.
- Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны беру мерзімі – 15 жұмыс күні.