ЖАУАП: ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 60 бабына сәйкес, ҚР Үкіметінің НҚА ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша ҚР Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген НҚА ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты НҚА өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алады.
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.