Меню

Страницы

Статья

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу үшін ЕСКЕРТПЕ

Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлғалар «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы жанындағы оқу орталығы» мекемесіне еркін нысанда өтініш береді (+77088026102, +7079374939).

 

Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұданәрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметтіберуші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

 

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;

      2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім.

 

Дата публикации
12 октября 2020
Дата обновления
12 октября 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы