Жауап: «Құқықтық актілер туралы» Заңның 19 бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды сараптама кеңесі және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарағанға дейін, интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) жатады.