Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындау тәртібі мен орындамаудың салдары?

Жауап: Ұйымның басшысы (жұмыс берушi) жұмысқа қайта қабылдау туралы атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда сот орындаушысы қызметкерге орташа жалақысын немесе қызметкердi жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны орындаған күнге дейiнгi бүкіл уақыт үшін жалақысының айырмасын төлеу туралы, сондай-ақ ұйым басшысынан (жұмыс берушіден) мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы қаулы шығару жөнiндегі ұсыныспен сотқа жүгінеді.

Жұмысқа қайта қабылдау туралы шешiмнiң орындалуы жұмыс беруші жұмыстан босату немесе ауыстыру туралы өзінің заңсыз актісінің күшін жою туралы акт шығарғаннан кейiн жұмыстан заңсыз босатылған немесе ауыстырылған қызметкер бұрынғы мiндеттерiн атқаруға iс жүзiнде кіріскен сәттен бастап аяқталған болып есептеледi.

Дата публикации
23 сентября 2020
Дата обновления
23 сентября 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы