Меню

Страницы

Статья

Сот шешімін орындамағаны үшін борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы.

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 665, 669, 670, 673 б.б. талаптарын бұзған үшін ҚР «Атқарушылық өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»  Заңының 126б. 1т. 2т.т. сәйкес, құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды тек мемлекеттік сот орындаушылары ғана жасауға құқылы екені түсіндіріледі.

Атқарушылық  іс жүргізудің негізгі  міндеттері   азаматтық  және   әкімшілік  істер  жөніндегі   сот  шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын, қылмыстық істер  жөніндегі   үкімдер  мен   қаулылардың   мүлікті    тәркілеу  бөлігін   орындау  болып  табылады.  Соттың  шығарған  шешімдері  мен  қаулылары  заңды  күшіне    енген    соң,   мәжбүрлеп  орындауға  сот  орындаушының   құзырына  келіп  түседі.   Атқарушылық  өндірісі    қозғалуымен  қатар борышкерді  соттың  шешімімен   танысуға,   ерікті  түрде   сот  шешімін  орындауға   ұсыныс жасалып, оның  құқықтарын  түсіндіріп, уақытылы  орындалмаған  жағдайда  әкімшілік, қылмыстық  жауапкершілікке  тарту  жөнінде  ескертулер  жасалады. Соттың  шешімін  орындау  кезінде    әр  түрлі   қаулылар  шығарылады, мүлікке  тыйым  салу, банктердегі    шотына  тыйым  салу, ҚР  шығуға  тыйым  салу  қаулылары   тиісті  мекемелерге   жіберіледі. ҚР  «Атқарушылық  іс жүргізу  және  сот  орындаушылардың  мәртебесі  туралы»  заңының   126 б. 1т. 2т-на  сүйене  отыра,  борышкерлерге   сот актісін  орындамаған   жағдайларда, ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осыған орай, Ақтөбе облысының жеке сот орындаушысы   борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты Ақтөбе облысының Әділет департаментіне әкімшілік  құқық  бұзу  туралы    хаттама  толтыру үшін жібереді.

Содан кейін, сот хаттама мен істің материалдарын зерделеп, тиісті шешім қабылдайды.

Осылайша, ҚР ӘҚБтК - нің 669-бабының талабына сәйкес, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау, жеке тұлғаларға - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға,лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға тартылуы мүмкін.

Осы  орайда   бір  мәселені ескеру керек, соттың  шешімін   дер  кезінде   орындау  қажет.

 

Дата публикации
18 сентября 2020
Дата обновления
18 сентября 2020
Тип
Газет

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы