Жауап: Ауылдық округте нотариус болмаған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы (әкімі немесе маманы) уәкілетті. Алайда, ауыл әкімдерінің нотариаттық іс-әрекеттер ауқымы шектеулі, ол құқылы:
1) өсиеттерді куәландыруға;
2) сенімхаттарды куәландыруға;
3) құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыруға;
4) өтініштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыруға.