Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Қайырлы күн! Мен Мәртөк ауданында тұрамын, күйеуіммен ажырасқым келеді. Ол өтініш беруге бармаймын дейді (Мен бір айдан кейін сотсыз ажырасқым келді). Егер, мен өзім сот арқылы жүгінсем, барлық сот шығындарын кім төлейді және процедурасы кандай?, егер мен болсам, онда жеңілдіктер бола ма, себебі мен 1-топ мүгедегімін. Бізде балалар жоқ, мүлік те жоқ.

Жауап: "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің талаптарына сәйкес, некені сот тәртібімен бұзу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

* ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;

*ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімінің болмауы);

* егер ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылықтарының болмауына қарамастан, өзінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса);

*ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және басқа да талаптарының болуы.

Ажырасуды талап ететін ерлі-зайыптылардың бірі сотқа жүгінеді.

Әдетте, некені бұзу туралы талап жауапкердің, яғни басқа жұбайының тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Сіздің жағдайыңызды ескере отырып, Сізге АХАТ органдарына жұбайыңыздың некені өз еркімен бұзудан жалтарғанын растайтын анықтама алу үшін жазбаша түрде жүгіну қажет. Содан кейін некені бұзу туралы сотқа талап арыз беріңіз.

1-топтағы мүгедек ретінде Сіз мемлекеттік баж төлеуден босатыласыз.

Дата публикации
28 августа 2020
Дата обновления
28 августа 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы