Жауап: Зияткерлік меншікке құқықтарды тіркеуші болып ҚР Әділет Министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (ҰЗМИ) табылады. ҰЗМИ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылды. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелерін беру формасы-электронды. Сондықтан, өтінімді egov.kz веб-порталы немесе ҚР ӘМ ҰЗМИ-ның kazpatent.kz сайты арқылы онлайн беріледі.