Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: Азаматтар (дербес деректер) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер қандай жағдайларда беріледі?

Жауап: Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы және тіркеу нөмірі) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.

Дербес деректерге қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасымен шектелген, егер сұратылған ақпарат қол жетімділігі шектеулі ақпаратқа қатысты болса, ақпаратқа қол жеткізуден бас тартылады.

Осылайша, жеке немесе заңды тұлғаның меншігінде бар жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер тіркеуші орган куәландыруымен адвокаттардың, құқық қорғау, сот органдарының, сот орындаушыларының іс жүргізудегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес жүргізудегі салық және басқа да мемлекеттік органдардың, нотариустардың, мұрагерлердің дәлелді сұрау салулары, банкроттық рәсімдеріндегі Конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшілерінің, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы), қорғаншы және қамқоршы органдардың сураулары бойынша беріледі.

Ақпаратты электрондық түрде беру Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе интернет-ресурс арқылы электрондық сандық қолтаңба болған кезде жүзеге асырылады. Сондай-ақ электрондық ақпараттық қызметтер нысандарындағы деректер қызметті ұсыну сәтінде жарамды болып табылады.

Дата публикации
25 августа 2020
Дата обновления
25 августа 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы