Меню

Страницы

Статья

Сұрақ: ҚР заңнамасын білуге «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің тестілеуден өту тәртібі қандай?

Жауап: Мемлекеттік қызметке кіру кезеңдерінің бірі мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері өткізетін мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу үш бағдарламаның бірі бойынша өткізіледі.

Тестілеуге қатысу үшін азамат күні мен уақытын таңдап, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-қа жүгіну арқылы өтініш береді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің нәтижесін тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес алған азаматқа тестілеуден өткені туралы сертификат беріледі, ол тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.

Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, теріс нәтиже алған жағдайда, азамат тестілеуден өткен күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кейін қайта тестілеуден өте алады.

Дата публикации
24 августа 2020
Дата обновления
24 августа 2020
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
17 ноября 2023
«Алимент бойынша берешекті анықтау туралы»
06 ноября 2023
Өндіріп алушыға орындаусыз қайтарылған атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәжбүрлеп орындату шараларының (салынған шектеулер, тыйымдар) күшін жою тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы